БҰЛ КҮН — ӘДЕМІЛІКТІҢ НЫШАНЫ

     Аяулы да асыл аналар! Құрметті арулар! 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Әйел әрқашан халықтың ар — ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және әдеміліктің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрметтің белгісі. Әйел өзінің табиғатынан — ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы.
     Көктем келіп, Жер-ана қыс құрсауынан босап, даламыз гүлдене бастағанда арулар да қоса құлпырады. Бізге осыны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл — көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп — төккен. Осының бәрі Алла нұрының жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір ақ пайыз! Соның өзі — ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. О баста Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.
       Әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз — келіншектердің қуанышына ортақпыз. «Ер — елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке — бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектеріміздің жүзінен күлкі кетпесе екен. Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
      Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс — құт тілеймін. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Перизат ІЗТЕЛЕУ,
«Хантәңірі» газетінің директоры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password