Бүгін аудан әкімі Н.К.Құдайбергеновтың төрағалығымен «Nur Otan»партиясының Райымбек аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының онлайн отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы отырысының күн тәртібінде:
1. «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөнінде квотаны бекіту туралы.
2. «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын, Ережелерін бекіту туралы.
3. «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысын және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын, аудандық партия филиалының XXVIII есеп беру – сайлау конференциясын өткізу кестесін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Отырысты аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Н.К.Құдайбергенов ашып жүргізді. Отырыс барысында аудан әкімі Н.К.Құдайбергенов, аудандық партия филиалының Сайлауалды бағдарламасын нәтижелі жүзеге асыру мақсатында әзірленген Жол картадағы іс-шаралардың орындалуына бақылау жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізетін кеңес төрағаларымен, құрамдарын танысытырып өтті. Сондай-ақ, бұл кеңес жұмысын ұйымдастыру аса күрделі екендігін кеңес төрағаларына жүктеліп отырған жауапкершілік зор екендігін айтып өтті. Сөз соңында кеңес төрағалары мен мүшелері бүгінгі бекітіліп отырған Ережеге сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін ескертті.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша баяндама және жарыссөзге қатысушылар тыңдалып, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
0 Пікір