Бүгін Ақсу ауданы І.Жансүгіров ауылында «Сервистік әкімдік» жобасы ашылды

    Ақсу ауданында 28 мемлекеттік орган 99 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында «Open space» қағидаты бойынша сервистік әкімдік ашылды. Ауданның 6 мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетеді. Әкімдікте жалпы 49 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету залында келушілерге қолайлы жағдай жасалған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға да жағдай қарастырылған. «Сервистік әкімдік»кеңсесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, аудандағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Жетісу- адалдық алаңы» кеңсесі жұмыс істейді. Бұл жобалық кеңседе жергілікті атқарушы органдар мен бөлім қызметкерлерінің қызметі ұйымдастырылатын болады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password