АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ

        Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. Жыл сайынғы Жолдаудан жақсылықтар күтетініміз рас. Бұл Жолдау халқымызға маңызды мәселелермен бағытталып отыр. Мысалы, ауылшаруашылығындағы жағдайлар,  жайылым жерінің жай-күйі, денсаулық пен мәдениет, тіліміз бен дініміз жайлы айтылады. Мұның бәрі ертеңгі күнге деген сенімді нығайтып, жігерлендіріп, бастамалар мен айқын мақсаттарға қолдау болды. Сондықтан, елімізді күн сайын дамытуға арналған стратегиялық құжат – мемлекет басшысының Жолдауы. Болашаққа бой түзеген келелі істердің жоспары да осында. Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 30 жылында жеткен жетістіктерді жетілдіру, азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, құқықтарын қорғауға арналған Жолдау — біздің жауапкершілігімізді арттыра түспек. Біздің Қайнар ауылының да жұртшылығы маңызды құжатты тыңдап, оқып өз пікірлерін білдіруде. Әрбір атқарылған істеріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Жолдауды қолдауға арналмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сөзінің соңында халықтың әл ауқатын арттыруға бағытталған оң бастамасын жария етті. Өте маңызды бастамалар екендігіне шүбәміз жоқ. Сондықтан, әл-ауқатымыздың жақсаруына бағытталған, іргелі әрі ізгі жоспарларды жүзеге асыруда алдымызда үлкен міндеттер күтіп тұр. Жолдаудан түйген ой көп. Болашаққа бой түзеген істерді ауыл жұртшылығымен бірге атқарамыз. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайтын нағыз құжат болды.

Нұрқасен СӘДУАҚАСОВ,

Қайнар ауылдық округінің әкімі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password