ҚАЗАҚ ТІЛІН ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШІРУ

       Тіл – халықтың қастерлі қазынасы, асыл мұрасы. Тіл адамзат қоғамын құру үшін, халыққа берілген маңызды құрал. Тілдің дамуы үшін жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет.  Бүгінгі ақпарат алмасудың басымдылығы ағылшын тілінде болып тұр. Ал ағылшын тілінің бастауы латын әліпбиінен басталады. Ұлт болашағы – жаңа әліпбиінде.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап, латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін нақтылап айтқан болатын.

       Латын әліпбиіне көшу – ұлт болашағы үшін жасалған маңызды шешім, әрі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік беріп, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі» деп мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев айтқан еді. Дүние жүзі халқының 70 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу – туыстас түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға жақындаудың үдерісі.  Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолдануда.

   Латын әліпбиін кең түрде насихаттау мақсатында Жамбыл ауылдық кітапханасында «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» атты тақырыпта библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Кезінде ұлт зиялылары қазақ әліпбиін құруға көп еңбек сіңірген болатын. Бүгін еліміз өз алдына дербес тәуелсіздігін алған күнде сол ата – бабаларымыздың салып кеткен соқпағына қайта үңілгендейміз деп кітапханашы өз ойын білдірді. Шара аясында «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми – қоғамдық негіздер, даму процесі және басты мәселелер», «Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат», «Әліпби: Энциклопедиялық анықтамалық», «Тіл және тәуелсіздік», «Тіл және қоғам» және де басқа кітаптарға шолу жасалды.

       Қорыта келгенде латын әліпбиіне көшу – қазақ елінің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп өркендеп, тіл аясын дамыту мен жаңғыртудағы басты қажеттілік.

Күлшахан АЛТЫНБЕКОВА,

Жамбыл ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password