ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ

      Сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық мүдделеріне, экономикалық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл халықаралық қоғамда- стықтың мүдделеріне қауіп төндіреді. Дәл осы себеп- тен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықа- ралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында және бірқатар басқа да халықаралық ұйымдардың құжаттарында ерекше атап көрсетіледі.

      Қазақстан 2008 жылдың 8 мамырында ратифика- циялаған БҰҰ-ның 2003 жылғы 31 қазандағы арнайы Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи- мылға арналған.

      Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара- лар жүйесі іске асырылып келеді, ол еліміздің көпте- ген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыпта- сты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, уәкілетті орган құрылды, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқор- лыққа қарсы конвенциясына және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Сыбайлас жемқорлық «Қазақстан-2050» стратеги- ясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатында да ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп дәрежесіне көтерілді.

      Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қыз- меттік этиканы сақтауы жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс істейді.

       Үкімет орасан зор жұмыс атқарды және атқарып келеді, оған Мемлекет басшысы азаматтардың кәсіп- керлік белсенділігін дамыту үшін әкімшілік кедер- гілерді төмендетуге және бизнесті билік тарапынан негізсіз араласудан қорғауға бағытталған бірқатар маңызды тапсырмалар берген болатын.

       Жаңа бағдарлама – «Электрондық Үкімет» ен- гізілді, онда мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету және сәй- кесінше, олардың қоғамдық институттардың бақыла- уында болуын қамтамасыз ету көзделген.

      Бұл жұмыстағы жүйелілік 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қамтамасыз етуге бағдарланған, ол мемлекеттік сы- байлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыт- тарын айқындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік ша- ралар жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып та- былады.

       Стратегия іс біткен соң әрекет етуден сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, ескертуге, оны жасаудың себептері мен жағдайларын анықтауға және жоюға өтуді көздейді.

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шең- берінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері құжатта маңызды орын алады. Бұл бүкіл халықаралық қоғамдастық шарттарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігінен туындаған өте дұрыс қадам.

      Жалпы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қар- сы саясатының нысанасы екі негізгі мақсатқа бағыт- талған: бірінші – кішкентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; екінші – мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылауды дамыту.

       Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде және одан әрі жоғарылату кезінде білімі, еңбек өтілі, сондай-ақ қызметшілердің атқаратын лауазымында лауазым- дық міндеттерін тиімді орындауы үшін қажетті құзы- реттіліктердің болуы басты назарға алынады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесін- де ел Президенті қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші ретінде айқындаған прокуратура да сү- белі үлес қосып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қар- сы күрес жоғары қадағалаудың және басқа да лауа- зымдық қызметтің барлық қосалқы атқарымдардың тұрақты басымдықтарының бірі болып табылады.

Т.АБЕКОВ,

аудан прокуратурасының

аға прокуроры.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password