Қаз-қатар тізілген тұрғын үйлер
Райымбек ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары аудан мәртебесін алғаннан бері қарқынды түрде жүріп жатыр. Қырымнан қырық шебер алдырғандай түрлі сәулет құрылыстары бой көтеріп, еңсесі тіктеліп келеді. Әсем табиғатымен, таза ауасымен, тауларымен болашақта Қазақстанның туристік орталықтарының біріне айналуы тиіс мекеннің орталығы да сәулетімен көз тартуы заңдылық. Өйткені, аудан тұрғындарының әлеуетін тек мал шаруашылығымен ғана емес, туристер тарту арқылы да көтеру көзделген. Ол үшін осы жолда қызмет атқаратын қиялы ұшқыр азаматтардың, білікті мамандардың алма ағашының астында басына алма құлауын күтіп жатуы шарт емес, жарқын идеалар тудыруына тұрмыстық ауыртпалықтан ада жағыдай жасалынуы шарт. Тұмса табиғатпен астасқан жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын бұзбай әлемдік мәдениеттің аясында экономикалық дамудың жолына салып беру басты мақсат.Осы жобада атқарылып жатқан жұмыстардың бірімен таныстыра кетсек. Ол-тұрғын үй құрылысы.
Райымбек ауданында 2020 — жылдың 6 айында 5 млрд.151 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі 160 % — ға орындалыпты.
Нарынқол ауылынан салынатын 83 комуналдық тұрғын үй құрлысының 1-2 кезеңінің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың 11- айының орта шенінен басталған болатын. 1-кезеңдегі (15-үй) үйлердің жобалық құны 292,2 млн. теңге. Аудандары 1-тип 5 үй — 80 м/кв, 2-тип 5 үй – 90 м/кв, 3-тип 5 үй -100 м/кв. Жер телімінің ауданы – 22500 м/кв. Мердігер «Фуд МС» ЖШС, жобалаушы «ЭлМ» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 61%-ға орындалды. 179,00 млн. тг игерілді.
2-кезеңдегі (18-үй) үйлердің жобалық құны 389,7 млн. теңге. Мердігер «Асан М Компани» ЖШС. Аудандары 1-тип 6үй — 80 м/кв, 2-тип 6үй – 90 м/кв, 3-тип 6үй -100 м/кв. Жер телімінің ауданы – 27000 м/кв. Жобалаушы «ЭлМ» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 76%-ға орындалды. 266,00 млн. теңге игерілді.
3-4кезеңдегі (50-үй) үйлердің жобалық құны 968,6 млн. теңге. 06.06.2020 жылы құрылыс жұмыстары басталып 06.06.2021 жылы 09рылыс ж9мыстары аяқталады. Мердігер «Гунн Строй Сервис» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 40%-ға орындалды. 350,9 млн. теңге игерілді.
83 үйдің инженерлік-коммуникациялық 1-2 кезеңінің құрылыс жұмыстарымен «Көлсай Строй» ЖШС айналысуда. Жобаның құны 511,90 млн. теңге. Жобалаушы «АрсЛТД» ЖШС. . 33 үйге су құбырларын тарту жұмыстары толықтай бітті. Қалған электр,телефон, көшелерді жарықтандыру жұмыстары 50 пайызға аяқталды.
Алғашқы 33 үй қолданысқа қыркүйек айының ортасына таман беріледі деп күтілуде.
Айбек Ережеп,
Нарынқол ауылы.
0 Пікір