АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕЙІК!

      Елімізде коронавирус індеті күннен күнге үдеп ба- рады. Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус індетін тоқтатудың жалғыз жолы жаппай — вакцина алу. Өз- деріңіз білесіздер, елімізде ахуал күрделеніп бара жа- тыр. Індет жұқтырғандар көбейді. Солардың арасында жақындарымыз, көз таныстарымыз бір айдан астам уақыттан соң әрең жазылып шықты. Халық осы жағдайды түсінуі керек. Былтыр барлығымыз шетінен ауырдық, бұл оңайлықпен жеңетін ауру емес екенін түсіндік. Алғашқы уақытта үрей болып, психологи- ялық соққы алған кезімізде болды. Мұндай жағдайды қайта болдырмас үшін, вакцинаның қажет екенін саналы түрде түсінуіміз абзал. Маусым айында өзімнің ауруханада есепте тұратындығыма қарамай, вакцина алуды дұрыс деп санадым. Вакцинадан кейін аурудың жеңіл өтетініне сенемін. Сол үшін бәріміз екпе алайық. Қазіргі денсаулық бірінші орында тұр. Денсаулығымызды күтейік. Эпидахуал өршіп кетпей, уақытында қамданайық де- гім келеді.

Балжан ОМАРОВА,

Райымбек ауданының Құрметті азаматы,

аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password