Қауіпсіздік басты назарда: Жыл басынан 24 адам қар құрсауында қалған

         Қатер аяқ астынан. Әсіресе қыс мезгілінде жазым болу әп сәтте. Қызығы мен думаны қатар жүретін кезеңнің өзіне тән қауіпіде бары анық. Қаңтар айының 4-ші аптасы, яғни 18-19 қаңтарға қараған түні православие негізгі христиандық мерекелердің бірін атап өтеді.

      Баршаға мәлім, бұл күні христиандық дін өкілдері мерекенің басты рәсімісуық суға шомылуды орындайды. Аязды ауа-райына қарамастан, шомылу рәсіміне арнайы жабдықталған шұңқырға түсу үшін халық жиналады. Адамсаны көбейген тұста әдетте сақтық шаралары кейінгі орынға ығысып жатады. Бұл өз кезегінде орны толмас қазаға алып келуі мүмкін.

        Осыны ескерген төтеншеліктер бірқатар ережелерді сақтауға шақырады.

  «Жағадағы арнайы жабдықталған ойықтарда, мүмкіндігінше құтқару станцияларының жанында, құтқарушылардың қарауымен суға түсу қажет. Шомылмас бұрын денені жылытып, жаттығу жасап, жүгіру керек. Баяу және мұқият жүріңіз. Ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін басты суға малмау қажет»,-дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары подполковник Игорь Жуков.

      Бүгінгі күні Алматы облысының аумағында шомылуға арналған 4 арнайыаумақ белгіленген. Оның бірі, Талдықорған қаласындағы Қартал өзені. Нақытласақ, «Қызыл тас» саяжайындағы темір көпір маңы. Екінші, Алакөлауданы, Үшарал қаласы, Жамбыл көшесі №110 үй, Тентек өзені. Үшінші, Жамбыл ауданы, Ұзынағашауылы, Абай көшесі № 54 «қазан храмы» және соңғы белгіленген орын Ақсеңгір ауылындағы Тоған өзені.
Мамандар, пандемияға байланысты облыстың басқа қалаларында адамдардың жаппай шомылу іс-шараларын өткізу жоспарланбаған деп хабарлауда.

     Православиелік тұрғындардың суға шомылу рәсімінен басқа жолдан келер қауіптің қысқы маусымда үдейтінін естен шығармаған абзал. Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеттерінің бірі халықты қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары, яғни күрделі жағдайда жазатайым оқиғаларға жол бермеу болып табылады. Мойынға алған жауапкершілікті абыроймен алып жүрген мамандар жыл басталғалы екі аптаның ішінде 24 адамды құтқарып 12 бірлік техниканы қар құрсауынан шығарған. Келеңсіз жағдай «Үшарал-Достық» автожолында орын алған.

        Сонымен қатар, күні бұрын, 15 қаңтарда аталған автожолда 9 жүк көлігі жолдақалған. Көліктің салонында 12 адам болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мамандар 16 қаңтар күні кешкі уақытта оқиға орнына жеткен. Құтқауршы топ 12 жүргізушіні «Жалаңашкөл» теміржол станциясынажеткізген. Осындай түрлі оқиғалардың алдын алу үшін жауаптылар ескертпелерді қаперден шығармау керек деп дабыл қағуда.

   «Тұрғындарға, көлік қызметтерін көрсететін компаниялардың басшыларына, тікелей жүргізушілерге, қозғалысты шектеу және ықтимал қар құрсаулары туралы дауылды ескертуді елемеуге болмайтынын естеріңізге саламыз. СМС хабарламада көрсетілген бағыттарда қозғалысты шектеу қажет. Мобильді құрылғыларыңызға «Дәрмен» қосымшасын орнатуды ұсынамыз, онда дауылды ескертулер, автожолдардың жабылуы мен ашылуы туралы ақпарат және сіздің қозғалысыңызды ғана емес, сонымен қатар басқа да өмірлік жағдайларды жоспарлау кезінде сізге көмектесетін басқа да ақпарат орналастырылады. Сондай-ақ, «Дәрмен» қосымшасына хабарламалар кідіріссіз келетінін атап өткім келеді. Елді мекендерден шыққан кезде метеорологиялық жағдайды қадағалаңыз»,-деп қорытындылады Алматыоблысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары  подполковник Игорь Жуков.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password