11 C
Нарынкол
Четверг, 18 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАНЫМЫЗДА АЛМАТЫЭНЕРГОСБЫТ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

         Жаңа жылдың алғашқы күндері жақсылықтармен басталуда. Лайым жыл соңына дейін солай болғай. Жыл басында ауданымыздан «АлматыЭнергоСбыт»  ЖШС-нің бөлімшесі ашылды.

         Бәрімізге белгілі осы күнге дейін аудан тұрғындары электр энергиясына қатысты жұмыстармен Кеген ауданына баратын. Енді міне, алысқа сабылмай, жұмыстарын осы жерден-ақ бітіретін болады.

         Жаңа мекеменің ашылуында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, «АлматыЭнергоСбыт»  ЖШС-ның бас директорының орынбасары Антонова Ольга Сергеевна, «Энергосбыт» ЖШС-ның Алматы облыстық департаментінің басшысы Мукажанов Андрей Николаевич және аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бірбаев Бекболат Ыбраймұлы құттықтау сөз сөйлеп, ғимараттың лентасын қиды.

Энергия қызметтерін ұсынуда қызмет көрсету сапасын  жақсарта отырып, өз қызметтерінде тұтынушылардың мүдделері мен сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында бұл мекемеде 12 қызметкер жұмыс жасайды.

Өз тілшіміз.

Соңғы жаңалықтар

Жеңілістен де мән тапқан қазақ қайда?!

«Бәйге берем жеңілген балуанға да Адалдығы сезіліп тұрар болса!» Т. Айбергенов Қаратаудың жотасы көз тартқанмен, бір мезетте биіктеп-аласарып кетер жаратылысы футбол...

Осыған ұқсас мақалалар