Аудандық «Nur Otan» партиясының активінде
Жуырда «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының кадр саясаты департаментінің директоры Жұманов Руслан Сенімханұлы және «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы ауданымызға арнайы іс-сапармен келді. Ауданымызға ат басын бұрудағы басты себеп 2019 жылдың тамыз айында Қазақстанның Тұ
ңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылданған партия жұмысын жүйелі жаңғырту мен қайта жүктеудің «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам- «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарлама мен онда жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын, болашақта атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді талқылау және партияны жаңғыртудың нақты бағыт-бағдарын ұсыну. Іс-сапар барысында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық партия активтерімен келелі кездесу өткізі. Аудандық партия активі отырысан кейін Қарасаз ауылына ат басын бұрып, М. Мақатаев әдеби-мемориалды мұражайына бас сұқты. Ақиық ақынның өміріне қысқаша шолу жасап, ауыл адамдарымен амандасып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Сарыжаз ауылында Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі ұжымымен кездесіп ядролық электорат пен партилық кадрлық резервті қалыптастыру, партияның беделін арттыру, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының белсенділігін арттыру мәселелеріне тоқталып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Д.Қасенұлы
0 Пікір