АУДАНДА СҮТ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ОРНЫ АШЫЛДЫ

       Ауданымыздың Қарасаз ауылдық округінен 2020 жылдың маусым айында сүт өңдейтін және сүт қабылдайтын зауыттың құрылыс жұмыстары басталған еді. Жобаны үйлестіруші: «Qarasaz Food» және «SNV BIZ GROUP» компаниялар тобы болып табылады. Құрылыс мердігері -«ORION GROUP LTD» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 200 млн. теңгені құрайды.

       Қазіргі уақытта – 400 млн теңге қаражат жұмсалып, сүт қабылдайтын және өңдейтін құрылғылар толығымен орнатылды. 2021 жылдың шілде айынан бастап сүт қабылдау жұмыстары атқарылып жатыр. Сүтті жинап тасымалдауға арналған көліктері де алынып, Қарасаз ауылына жақын жерлерден сүт жинауда. Зауыт қуаттылығы тәулігіне 40 мың литр сүт жинау, өндеу жұмыстарын атқара алады. Өңделген сүттен мынандай дайын өнімдер шығарады: ірімшік, сары май, қаймақ, сүзбе, сүт, түрік айраны. Ірімшіктің брынза, моцарелла, адыге сияқты түрлері дайындалады. Сүт зауытынан бөлек, 400 «Симменталь» тұқымды басқа арналған сүт-тауарлы фермасы мен ет өңдеу өндірісінің жобасын қолға алуда. Бұл жобалардың құрлысы 2022 жылдың қазан айына дейін жалғасады.

       Аудан тұрғындарының назарына! Қазіргі уақытта сүт жинау жұмыстарының басталуына байланысты әрбір округтен жауапты сүт жинайтын жұмысшы тағайындалып, сүт қабылдауға және өткізуге ниет білдірген шаруа қожалық төрағалары мен ауылдардың тұрғындары мына номерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз. Жауапты технолог: Ерлан 8-776-378-71-70. Жауапты қызметкер: Байғараев Қайрат 8-776-192-07-76

«SNV BIZ GROUP» ЖШС-нің төрағасы,

аудандық «Ауылшаруашылығы бөлімі» ММ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password