Аудан әкімі Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ аудан тұрғындарын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауы

Қымбатты ардагерлер!
Құрметті тыл еңбеккерлері және жерлестер!
Бүгінгі Отанымыздың тыныштығын қадағалап тұрған сардарлар мен сарбаздар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен және «7 мамыр — Отан қорғаушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз сұрапыл да қатал, қатігездігімен есте қалған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77-ші бейбіт көктемін қарсы алып отырмыз. Бұл – еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн, өшпес ерлік пен қайсар рухтың мерекесі. Бұл мереке аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің және қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.
Біздің ауданымыздан да қаралы қағаз алмаған, соғыс жарақат салмаған жанұя кемде-кем. Майдан даласына ауданымыздан 6729 адам аттанып, 3441 боздақтарымыз жат жерде шейіт болды. Оның ішінде 1506 жерлесіміз қаза тауып, 1604 азаматымыз хабар-ошарсыз кетті. Олар бірімізге әке, бірімізге туыс-бауыр, бір үйдің бас көтерер жалғызы еді. Бүгінгі жарқын да бейбіт өмір үшін олардың алдында бәріміз де қарыздармыз. Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға бүгінгі ұрпақтың алғысы шексіз. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен ауданымыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Сіздерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password