Аудан әкімі Нұржан Құдайбергеновтың аудан тұрғындарын мерекелік құттықтауы
Нұр-Сұлтандай ару қаламыз, асқақ ордамыз, қалың жұрт, қазағымызға қашанда қақпа бола береді. Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларымыздың байырғы арманын бүгінгі ұрпақ шын сезініп отыр. Тарихтың қойнауында алтын әріптермен жарқырай жазылатын, баянды бақытымыздың бастауындай болған, әсем қаламыз бүгініміз бен ертеңіміздің келбетіндей көрінеді. Жаңа ғасырға аяқ басқан қадамымыз қарыштай берсін!
Сырт көз сұқтана қарайтын төрімізден Тәуелсіздіктің кірпішін қалаған, баянды бақытын сезінген ұрпағы ата-баба аманатын адал арқалап келеді. Кербез даланың кеудесіне орнаған кең шаһардың келешегі ұрпағымен мың жасайтынына сенеміз. Тотыдай таранған ордамыз Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналар күн алыс емес. Бүгінде ғасыр үлесінен орын алатын беделге де ие болды. Осының барлығы мәңгілік достықтың символындай, бейбітшілік пен берекенің тұғырындай, еркіндіктің белгісіндей болған – ауызбіршілігіміздің арқасында деп ойлаймын!
Ән дарыған даланың сәніне айналған ордамыз дүние жұрты табан тірер тұғырдан болсын. Азаттықтың белгісіндей берекемізді сапырған мерекемізбен баршаңызды құттықтаймын!
0 Пікір