Аудан әкімі Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ аудан тұрғындарын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауы

     Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Құрметті Тыл ардагерлері және жерлестер! Құрметті бүгінгі Отанымыздың тыныштығын қадағалап тұрған сардарлар мен сарбаздар!

       Сіздерді «9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен және «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

        Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Сіздер сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, Отан деп от пен суға түсіп, кең байтақ жерді қорғадыңыздар. Амал қанша, майдан даласындағы ерлігімен, тылдағы жанқиярлық еңбегімен жас өркендерімізді патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосып жүрген ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің саны жылдан-жылға сиреп барады. Бүгінгі жарқын да бейбіт өмір үшін олардың алдында бәріміз де қарыздармыз.

       Құрметті ардагерлер! Біз сіздер сияқты, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді мақтан етеміз. Осындай батырлардың жалғасындай болған бүгінгі сардарларымыз, сарбаздарымыз, тыныштығымызды кірпік қақпай күзетіп тұрған қадірменді Отан қорғаушылар! Ұлы даламызды ұрпаққа мирас етеміз деп, жаугершілік замандарда еруіл атқа ер салып, еңку-еңку жер шалып, қайсарлықпен ерлік көрсеткен бабалардың ісі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңіз әрқашан құрметке лайық. Барлығыңыздың отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын!

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password