Аудан әкімі Нұржан Құдайбергеновтың аудан тұрғындарын мерекемен құттықтауы

        Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!

        Сіздерді  Тәуелсіз  мемлекетіміздің айбыны мен ажарындай, тұлғасы мен тұрпатындай, келбеті мен келешегіндей Елордамыз Есілге қонған аққудай көркем қала Нұр-Сұлтанның 22 жылдық мерейлі мерекесі, айтулы қуанышымен құттықтаймын. Біз Нұр-Сұлтанның  қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Өз қаласына ерекше сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар – елордасының басты байлығы. Олар күнбе – күн өз жұмыстарын атқара отырып, қаланың қалыптасуына орасан зор үлес қосуда. Жас елорданың  мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шыңдай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ шығар.

            Жас Елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде, салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерге шаттық  сыйлауда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған көз тартар қаламыз жылдар өте, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларыны біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үміт пен нық  сенімнің тұлғалы тірегі боларына бек сенімдіміз. Қазақстанның елордасы, бүгінгі Нұр–Сұлтан  қаласы – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.

              Тәуелсіздік пен егемендігін алған еліміздің туы тұғырлы, елі ғұмырлы болсын! Еліміздің келешегі зор, болашағы баянды болсын! Тәуелсіз қазақ еліне еңбектің жемісін, өмірдің өрісін, шаңырақтың қуанышын, ұрпағымыздың бақытын тілеймін! Астана күні мерекесінде Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілеймін, ағайын!

,

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password