11 C
Нарынкол
Суббота, 20 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

        Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 34 жыл толды. Осыған орай аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Бұл соғысқа біздің ауданнан да бірталай азаматтар аттанып соғысқа қатысты. Кездесудің басты мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беруді жолға қою болып табылады.

       Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан жауынгерлер, атап айтқанда Айдын Мәуленбайұлы, Қайрат Қасенұлы, Нұркелді Нұрқасымұлы қатысты. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев қатысты. Аудан әкімі ардагерлерге жақсы тілегін білдіріп, Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы аудан ақсақалдарының атынан сөз сөйлеп, Алғыс хат тапсырды. Осы жиынға ауған соғысының ардагерлерін арнайы құттықтауға келген чернобыль апатының ардагерлері өз тараптарынан алғыстарын айтты.

   Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады. Сондықтан да жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

«ХАНТӘҢІРІ».

Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ!

Табиғатты қорғау - адамзаттың басты міндеттерінің бірі. Табиғатты қорғау дегеніміз - табиғаттың әр бөлшегіне жанашырлықпен қарау, оның ресурстарын тиімді...

Осыған ұқсас мақалалар