АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛДЫ

     Қоғамдық кеңес мүшелерінің міндеті-азаматтық қоғам мүдделерін білдіру және қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Осыған орай, жуырда аудандық әкімшілік ғимаратында аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті.

 Күн тәртібіне Қазақстан Республикасының “Қоғамдық Кеңестік туралы” Заңының 23-ші бабына сәйкес бірнеше мәселелер енгізілді. Аталған мәселелер аясында аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов ауданда 2021 жылы атқарылған жұмыстары және 2022 жылға белгіленген міндеттері жайында есепті баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушысы Самат Сартаубайұлы Мүсірбаев аудандық мәслихаттың 2021 жылы атқарған жұмыстарын баяндады. Отырыстың кезекті сөз кезегі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әділжан Нөкеевтің 2021 жылғы қоғамдық кеңес атқарған жұмыстар нәтижесіндегі баяндамасына берілді. Оқылған баяндамалар кеңінен талқыланып, ауылдардағы ауыз су мәселесі, оның ішінде, Қаратоған ауылының су жүйесінің толық аяқталуын қамтамасыз етуді қолға алу қажеттілігін сөз етті. Ауданымыздағы көптің көкейінде жүрген мәселелердің өзектісі-жол мәселесі. Аудан әкімі бұл тұрғыда “Қазавтожол” компаниясымен тығыз байланыста екенін және сын көтермейтін Кеген-Нарынқол жолының жасалуының ауылы алыс еместігін айтты. Салалық мәселелерде, медицина саласына маман жеткіліксіздігі қынжылтады. Денсаулық саласындағы қуанышты жаңалық-ауданымызда 2022 жылы аурухана ғимараты салынбақ. Нұржан Кеңесұлы қойылған сұрақтар барысында 2021 жылы игерілмеген қаражат жайын да нақты түсіндіре кетті. Есептік баяндама соңында Ә. Нөкеев халық жолдаған бірқатар өтініштер мен тілектер мәтінін оқып, тиісті мекеме басшыларынан түсіндірме жауаптарын алды. Қызу талқылаудан кейін, бірқатар қоғамдық кеңес мүшелеріне сөз берілді. Сөз сөйлеушілер оқылған баяндамаларға толық қанағаттанатынын және қосымша ұсыныстар мен тілектерін білдірді. Халық мұңын басшылыққа баяндай келген Ұлықпан Әбек, Балжан Омарова, Айыпжан Қаптағаев сынды қоғамдық кеңес мүшелері қалың бұқара арасынан ала келген мұқтаждық сұраныстарын баян етті. “Шешілмейтін түйін жоқ” демекші, әр қозғалған мәселенің шешімін табуы және оған жауапты адамдардың іске зор жауапкершілікпен қарауы-қатаң қағидат.

Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password