Қашықтықтан соғылар «Соңғы қоңырау
Аудан бойынша барлығы 22 мектеп бар. Оның ішінде: 19 орта, 1 негізгі орта, 2 бастауыш мектептер болашақ ұрпақты білім нəрімен сусындатады.
Әлемдегі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты ІV тоқсанынды барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытумен аяқтады.
Бүгінгі күні аудан оқушыларының 25%(1503) интернет-платформалары арқылы, 75% (4385) телеканал арқылы білім алып шықты.
Аталған мекемелерде биылғы оқу жылында барлығы 5888 оқушы білім алды. Оқу үздіктерінің саны 1379 оқушы, оқу екпінділері 2320 оқушы. Аудан бойынша білім сапасы 64% құрады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 бұйрығына сəйкес орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады. Қорытынды аттестаттауды 9 жəне 11 сыныптардың білім алушылары тапсырмайды. Аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі. Биыл 11 сыныпты 240 түлек аяқтайды. Оның ішінде мектепті «Алтын белгіге» 25 түлек, үздік аттестатқа 8 түлек бітіргелі отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 15 сəуір мен 10 мамыр аралығында өтініш қабылданды. ҰБТ-ге өтінішті Digital ID бағдарламасы бойынша мектеп бітірушілер өздері арнайы қосымшамен телефон арқылы берді. Бүгінгі күні 215 мектеп бітірушінің (барлық мектеп бітірушінің 90%) ҰБТ тапсыру үшін өтініші тіркелді. Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты мектеп бітірушілермен ҰБТ-ге дайындау онлайн түрінде жан-жақты жүргізілуде.
Білім және ғылым Вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілері осындай іс-шараларды өздері жүргізуі тиіс.
«Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға жол берілмейді. Мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да мекемелерде бітіру іс-шараларын өткізбеу қатаң ұсынылады. Мерекелік үстелдер мен қала бойынша көшпелі экскурсияларды ұйымдастырмауыңызды сұраймыз.Педагогикалық этиканы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды сақтауды сұраймыз, яғни мектеп іс-шарасын өткізуге ақшалай қаражат жинауға жол бермеуді сұраймыз. Сонымен қатар педагогтарға, мектеп әкімшілігіне кез келген сыйлықтар беруге тыйым салынады. Мектептің Қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен марапаттар мен сыйлықтарға жұмсалатын шығындардың орынсыздығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс»-деп атап айтты.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы «Біргеміз: ТҮЛЕК -2020» бітіру іс-шарасының тұжырымдамасына сәйкес. 25 мамыр күні сағат 11:00-де Білім жəне ғылым министрі А.Аймағанбетовтің жəне облыстық білім басқармасы басшысының құттықтаулары болады. Ал, телеарна арқылы «Сəт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» тақырыбында сюжеттік бейнематериалдар көрсетіледі. Сонымен қатар, ата- аналардың қатысуымен онлайн түрде сынып сағаттары өткізіліп, оған мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелері, үздік мектеп түлектері, жоғары оқу орнының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылады. 11- сыныптар үшін «Соңғы қоңырау» салтанаты 3-4 маусымдағы мектеп бітіру кешімен бірге өткізіледі. Түлектер сол күні салтанатты түрде мектеп бітіру аттестаттарын алып, «Соңғы қоңырау» үнімен қош айтысады. Соңғы қоңырау кезінде түлектерге қандай талаптар қойылады? Мектеп бітіру кеші мектеп аумағында ашық алаңда қонақтарсыз, тек мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен санитарлық нормаларды сақтай отырып өтеді. Мектеп бітіретін түлектер аттестат табыстау рəсіміне ата-анасымен бірге келе алады, басқа қонақтарды шақыруға тыйым салынған. Мектеп бітірушінің мектеп формасымен келуі қадағаланады.
Саят Ерсайынұлы,
аудандық білім бөлімінің басшысы.
0 Пікір