Ашық турнир өтті

   Өткен аптаның  сенбісінде, Нарынқол ауылында «Еріктілер жылын»  қолдау аясында  аудандық «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің»  мұрындық болуымен жастар арасында волейболдан  аудандық турнир  өтті.

   Жарыстың ашылуында аудандық спорт бөлімінің басшысы Талғат Ақылов, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің директоры Гүлмира Төлегенова,  ауылдық округтің әкімі А.Шенебеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Турнирге  ауылдық округтерден 10 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Атап айтқанда, Нарынқол, Текес, Қарасаз, Жамбыл,  Қаратоған, Тегістік, Қақпақ,Сарыжаз және де Тұзкөл мен Көксайдан келген воллейболшылар ойын көркін қыздырды.  Тартысқа толы  турнирде  1- орынды нарынқолдық волейболшылар  жеңіп алса, Қарасаз округінен келген  команда жүлделі 2 орынды еншіледі. Жамбылдық  волейболшылардан басым түскен текестіктер  3- орынға лайық деп табылды.

   Турнирге қатысқан барша командаларға өрнекті ойындары үшін мадақтама қағаздары табысталды.  Алдағы уақытта аталған спорт түрінен жарыстар жиі өтіп тұратын болады.

Елдос Ахметжанов,

«Хантәңірі».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password