13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

     2024 жылдың 22-25 маусым күндері Иорданияда жасөспірімдер арасында еркін күрестен Азия чемпионаты өткен болатын, аталған сайыста еліміздің туын желбіретіп, ауданымыздың абыройын асқақтатып, спортшы Ибраһим Ысқақбек 51 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

    Жас та болса дүбірлі додада топ жарған Ибраһим Ысқақбек 2008 жылы қыркүйек айының 1 жұлдызында Нарынқол ауылында дүниеге келген. 7 сыныпқа дейін Нарынқол ауылында Б.Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназияда білім алған, қазіргі таңда “Шаңырақ спорт мектебінің” 10 сынып оқушысы. Бала кезінен спортқа құмартқан жасөспірім күреспен 2 сыныптан бастап шұғылдана бастаған. Спортқа деген ерекше махабаты Ибраһимның бүгінгі жеңісінен-ақ белгілі. Ерекше табандылық пен салмақтылықты талап ететін спорт саласы байсалдылықты ұнататын Ибраһимнің сәтті таңдауына айналғандай.

    Ибраһимның алдағы мақсаты- олимп шыңын бағындыру. Әр жетістікті спортшының артында білікті бапкердің ерен еңбегі жатқаны белгілі. Жүлдегер жігіттің алғашқы бапкері- Сәретбаев  Руслан мырза еді. Бала спортшының бетінен қақпай белін буып, арнайы спорт мектебіне аманаттаған да осы Руслан бапкер. Ибраһимнің қабілетін шыңдаған келесі жаттықтырушысы- Дауытов Жеңіс мырза. Спортшының бабын келістіріп, жаттығуын күшейтіп, жаңа әдістер арқылы шеберлігін шыңдаған Жеңіс мырзаға Ибраһимнің айтар алғысы шексіз.

   Ибраһим еркін күрестен, облыс чемпионы және Қазақстан чемпионы, сонымен қатар, жақындағы жарыс нәтижесі бойынша, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

   Жеңімпаз жерлесімізге спорт саласында толағай табыстар тілейміз. Жалынды жас спортшының алар асуы алда екеніне сенім білдіреміз!

Ақерке БИЖАН

Алдыңғы мақала
Келесі мақала
spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар