13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

Жоғалған жүргізуші куәлігін қалай қалпына келтіруге болады

Әр жүргізуші жүргізуші куәлігінің жоғалуына, қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе тегінің ауысу себебі бойынша қалпына келтіру қажеттілігіне тап болуы мүмкін. Мұны қалай жасауға болатынын «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалында толығырақ айтып берді.
Жүргізу құқығын қалпына келтіру үшін қызметалушы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік баждың төленгені туралы чек болуы қажет. Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, медициналық анықтама қажет болады.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін қайта шығару кезінде теориялық және практикалық емтихандарды қайта тапсыру талап етілмейді.
Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 2 сағаттан аспайды.
2024 жылдың 5 айында Алматы облысында 10.746 жүргізуші куәлігі берілген.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар