13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!

   Жыршылық өнер- қазақ ауыз әдебиетінде аса қадірлі өнер санатында. Ал жыршы дегеніміз- жыр, толғау, қисса, дастан орындайтын поэзия өкілі. Жыршының ерекшелігі- жырды өз жанынан шығарып айтуы, мұнда суырып-салмалық қасиет те айқын көрініс береді. Жыршылық өнердің түп-тамыры сонау халық тарихымен бірге жасасып, бүгінгі күні де тиісті бағасын алуда. Мақалаға арқау болған, талантты жыршы, термеші Ербақ Құрметжанұлындай өнер саңлақтары барда, жыршылық өнердің ғұмыры ұзақ болмақ.

    Жуырда, жыршылық, термешілік өнерін дәріптеп, ғасырлармен астасқан өнердің  қадір қасиетін арттыра түсетін  “Түркістан мақамдары” атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Түркістан қаласында өткен Республикалық деңгейдегі байқауда аудандық “Баққожа Мұқай” атындағы  мәдениет үйі жанынан құрылған Хан Тәңірі театрының жетекшісі, дәстүрлі әнші, термеші, жыршы, актер- Ербақ Құрметжанұлы бас жүлдені иемденіп, жеңімпаз атанып, күллі аудан халқының мерейін үстем етті. Өз қабілетін республика көлемінде дәлелдей білген Ербақ мырзаның өнеріне бұрыннан тәнті аудан халқы оның байқаудан жүлдемен оралатынына сенім білдірген. Жүлдегер өнер иесі жайлы біршама ізденіс жасаған жайымыз бар.

    Құрметжан Ербақ- 1991 жылы наурыз айының 7 жұлдызында ҚХР Іле аймағы, Мұңғұлкүре ауданында дүниеге есігін ашқан. 2014 жылы  Түркістан облысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетіне актер мамандығы бойынша оқуға түскен. 2018 жылы жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбек жолын Алматы облысы Талдықорған қалалық Бикен Римова атындағы драма театрында бастаған. 2019 жылы наурыз айында Павлодар облысы, Успен ауданында аудандық мәдениет үйінде музыкалық жетекші, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күні аудан мәдениет үйі жанынан құрылған Хан Тәңірі жастар театрының жетекшісі және Текес балалар өнер мектебінде театр және жыр кластарында оқытушы болып жұмыс жасайды.

     Ербақ мырза бұдан бұрын да бірнеше байқауларда жүлделі орындармен көзге түскен. Атап айтсақ, “Қаныштың ұнатып айтқан әндері” атты Қ.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған облыстық дәстүрлі әншілер байқауында 2 орынға ие болса, “Кәнеки, тілім сөйлеші” атты қалалық байқауда бас жүлдеге ие болған, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлігінің облыстық конкурсында бас жүлдеге ие болған.

    Ербақ Құрметжанұлын алда әлі де талай жеңісті сәттер күтіп тұрғанына бек сенімдіміз. Өнері өрге жүзіп, жыршылық өнердің шыңын бағындырғай!

Ақерке БИЖАН

Алдыңғы мақала
Келесі мақала
spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар