13.4 C
Нарынкол
Воскресенье, 21 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҮЗДІК НӘТИЖЕ

    Мектеп бітіруші түлектер 11 жылдық алған білімдерінің нәтижесін ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы көрсетеді. Маңызды тестілеу сынағы талапкерлердің жоғарғы оқу орнына түсіп, қалаған мамандықтары бойынша білім алуына жол ашады. ҰБТ форматына түрлі өзгерістер енгізіліп тұратыны да бар, олай болса биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу форматынан хабардар болайық. Ауданымызда қанша оқушы тестілеуден өткенін, соңғы нәтиже бойынша ең жоғары балл иесі кім екендігіне назар аударайық!

      Биылғы жылы ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. 2024 жылы «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы.

«Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды», — деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер өткен жылдардағыдай ҰБТ-ны екі пән «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3) бойынша тапсырады. Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында  өтеді.

     Біздің ауданымызда бітіруші түлектердің жалпы саны – 309 болса, оның 305-і ҰБТ-ға қатысады. Әзірге тестілеу қорытындысы бойынша, ең үздік нәтижені Жамбыл ауылы С. Әшімбаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бүтінбай Елдана Жақсылыққызы көрсетіп, 128 балл жинады. Елдана Жақсылыққызын үздік нәтиже көрсетуімен, шын жүректен құттықтап, жарайсың демекпіз. Алдағы ҰБТ қорытындыларынан ауданымыздың бітіруші түлектері бұдан да жоғары нәтижелер көрсетсе деген ниеттеміз. Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы «JASYL EL» жастар еңбек жасағыныңХХ жұмыс маусымының ашылу салтанатының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымы ашылды.Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып...

Осыған ұқсас мақалалар