13 C
Нарынкол
Воскресенье, 18 июня, 2023
No menu items!

Алматы облысында жерге қатысты 65 заңсыз шешімнің күші жойылды

Маңызды

    Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Сәрсенбай мәлім етті.
Маманның айтуынша, облыстық прокуратураның ұсынысына сәйкес, биыл департамент жер ресурстарын пайдалануға қатысты заңсыз 65 шешімнің күшін жойған. Атап айтқанда,

• Қонаев қаласы – 6 шешім (7020 га);
• Іле ауданы – 54 шешім (19 га);
• Еңбекшіқазақ ауданы – 1 шешім (40 га);
• Қарасай ауданы – 2 шешім (9 га);
• Ұйғыр ауданы – 2 шешім (7650 га).

Департамент басшысы биыл өңірде пайдаланылмай жатқан 601 субъектіге тиесілі 285,5 мың гектар жер анықталғанын да айтты.

«Осы күнге дейін 247 субъектіге тексеріс жүргізіп, арнайы нұсқамалар берілді. Бұдан бөлек, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 264 га жер мемлекетке қайтарылды», – деді Арман Сәрсенбай.

Сондай-ақ биыл маусым-шілде айларында департамент 2022 жылы 149.5 мың га жерді басқарушы 45 субъектіге берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауға алмақ.

Соңғы жаңалықтар

Антикордан күтпеген конверт

       Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Конверттерде тек хаттар болуы керек» акциясын өткізді. Акция аясында...

Осыған ұқсас мақалалар