«AntikorLive» жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Ай¬ты묬ған тұжырымдаманың іс жүзінде жүзеге асып жатқаны бізді қуантады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «AntikorLive» жобасын атап өтуге болады.

Апта сайын Facebook желісі арқылы облыс тұрғындары үшін «AntikorLive» жобасы аясында Антикор орталығында мемлекеттік мекеме басшылары, сондай-ақ облысымыздың белгілі азаматтары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен тікелей эфир өткізіледі. Биліктің бұқараға барынша жақын, әрі ашық болуын қамтамасыз ету «AntikorLive» жобасының негізгі мақсаттарының бірі. Желі қолданушылары тікелей эфирге қатысып, қызықтырған сұрақтарын спикерге қоя алады. Осылайша халық пен мемлекеттік мекеме өкілдерінің арасында тікелей қарым-қатынас орнайды.

Қазіргі таңда әлеуметтік желі мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың тиімді құралы екенін ескерсек, тікелей эфирдің маңыздылығын ерекше айтып өткен жөн.

Тұрғындар үшін хабарлама: Тікелей эфир апта сайын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің Facebook @anticorruption.almatyoblysy парақшасында өтеді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password