«ALTYN – DAN» СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

     Рас, ауылшаруашылығын кезең келбетіне, уақыт талабына сай дамыту қажет. Онсыз аталған саланың жағдайы жақсармайды. Заманауи трактор, техникасыз бұл саланың көсегесін көгерту қиын. Осыған орай ауылда тұратын ағайындар, шаруа қожалықтары бірлесіп, ауылшаруашылығына қажетті сервистік дайындау орталықтарын құрып, жағдайларын жақсратып келеді. Ауданымызда Алматы облысы әкімдігінің ықпалымен, «Жетісу» ӘКҚ Алматы облысының өңірлік даму институты акционерлік қоғамының қолдауымен «Altyn – Dan» сервистік дайындау орталығы құрылды. Аталған сервистік дайындау орталығының ұжымы 23 түрлі трактор, ауылшаруашылығына қажетті тхникалар сатып алды. Бұдан былай диқандардың маусымдық науқанды істері, көктемгі жер өңдеу жұмыстары бәрі-бәрі аталған техникалардың көмегімен жүзеге асырылады. Аталған сервистік дайындау орталығы аудан бойынша 2000 гектар жерді игеруді жоспарлап отыр. Биылғы жылдан бастап 500 гектар жерге күздік бидай себеді. Қажетті жер дайындалу үстінде.
— Біздің басты мақсатымыз – таулы өлкеде дәнді дақылдар өсірумен тікелей айналысу, осы мақсаттағы тұқым шаруашылығын өрістету болып табылады. Біздің алға қойған мақсатымызға жетуімізге ең қажетті жаңа ауылшаруашылығына қажетті трактор, техникалармен дер кезінде қолдау, көмегін көрсеткен Алматы облысының әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз,-дейді «Altyn – Dan» сервистік дайындау орталығының мүшелері. Рас, ауданымызда картоп өсіруге негізделген «Хантәңірі», «Байынқол-7», «Ақжол», «Үш Қаққпақ» сервистік дайындау орталықтары жұмыс істейді. Жағдайлары жақсы. Жаңадан құрылған орталықтың жағдайы жақсы бола берсін!
Қанат БІРЖАНСАЛ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password