«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

       2020-2021 оқу жылдары да өз мәресіне жетті. Жыл қорытындысы бойынша ауданымыздағы 22 білім беру ошағында 269 түлек соның ішінде 32 алтын белгі түлеп ұшты.Осыған орай, аудан орталығында «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Түлектерге жүрекжарды тілегін білдіру мақсатында алғашқы сөз кезегі Райымбек ауданы әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлына ұсынылды. Аудан әкімі кемел болашақ иегерлеріне алғысын білдіре отырып, жаңа биік белесті бағындыруларына сәтті қадам тіледі. Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп оқушылары Болат Ақерке, Рақымбай Айбар, Сәду Ақерке, Сатылған Аружан, Тұрсынәлі, Тоқтарбай Аяна, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп оқушылары Рысбек Лаура, Тайқыжанқызы Сәбина, Баратжан Шұғыла, Абай атындағы орта мектеп оқушысы Ақаділ Құралай, Ораз Жандосов атындағы орта мектеп оқушысы Қайрат Ақнұр, Н.Өмірзақов атындағы орта мектептің оқушылары Алиасқар Ұлдана, Бекет Ерке, Берікбай Айнұр, Дәдек Еламан, С.Сауранбаев атындағы орта мектеп оқушылары Мәуленқызы Жанерке, Совет Ұлдай, Азаматқызы Ақнұр, Кемелбай Амина, К.Байшығанұлы атындағы орта мектеп оқушысы Әбдірахман Айдана, А.Барманбекұлы атындағы орта мектеп гимназиясының оқушылары Жұмаш Сара, Ержан Талшын, Айбек Жансая, Жәмеңке орта мектебінің оқушысы Мамырхан Алина, С.Әшімбаев атындағы орта мектеп оқушылары Иса Кәусар, Жекен Анара, Сарыжаз орта мектебінің оқушылары Сартаубай Аяулым, Разуан Мереке, Нуралиева Сымбат, Адығұл Шырай, Абайбек Аружан, Бекетай Дариға осы оқу жылында алтын белгі иегері атанып, аудан әкімдігі тарапынан ерекше төсбелгі мен сый-сияпатқа ие болды. Марапатты аудан әкімі Нұржан Кеңесұлы, көп жылдар бойы білім бөлімін басқарып қазіргі таңда «Қамқор-2» кәсіподағының төрағасы болып отырған Ұлықпан Әбек, білім бөлімінің басшысы Саят Үмбеталиев табыстады. 11 жыл бойы оқу көкжиегіндегі білім нәрін бойына дарытқан бітіруші түлектердің ата-аналарының атынан құттықтау сөз Керімбаева Динараға, балалық қызықты артқа салып үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған шәкірттердің атынан алтын белгі иегері Рақымбай Айбарға берілді. «Баталы ер арымас» дегендей оқушылардың үлкен өмірдегі қадамдары нық болсын, еңселері тік болсын, еліне сіңірер еңбегі көп болсын деген ниетпен шара соңында Ұлықпан Әбек ақ батасын берді. Біз де ұядан ұшар жас буын шәкірттерге жемісті жеңістер мен ақ жол тілейміз. Сәт сапар саған жас түлек!

Еңлік НҰРБОЛҚЫЗЫ,

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password