Алматы облысының тұрғындарын «Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобалар акселераторы байқауына қатысуға шақырамыз

   Байқауға ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғылыми жұртшылық, өнер және мәдениет қайраткерлері, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

2021 жылғы 10-30 қыркүйек аралығында өтетін байқауға қатысуға келесі бағыттар бойынша жобалық топтар шақырылады:

‑  Инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);

‑   Бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);

‑  Ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;

‑  Мәдениет, өнер және халық шығармашылығы және спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;

‑  Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;

‑  Аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау.

Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Cұлтан қ. уақыты бойынша) https://openco.kz/accelerator/kaz сілтемеcіне сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде өтінім беріп, тіркеуден өту қажет.

          Өтінімдер төмендегі критерийлер бойынша іріктеледі:

1) Мақсатты аудитория үшін жобаның маңызды нәтижелерінің болуы, әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу;

2) Белгілі бір салада және халықтың нақты топтары арасында «Рухани жаңғыру» қағидаларын іс жүзінде іске асыру үшін жобаның әлеуеті;

3)  Жобаның масштабтауға дайындық дәрежесі;

4) Жоба идеясы немесе жоба пилоттық режимде іске асырудың ерте сатысында байқауға ұсынылған жағдайда таңдалған салада жобаларды іске асырудағы жобалау командасына қатысушылардың өткен тәжірибесі ескеріледі;

5) Жоба командасының барлық кезеңдерде акселерация бағдарламасына қатысуға және жоба моделін жетілдіру, жобаны масштабтауға ресурстар тарту үшін іскерлік байланыстар орнату бойынша жұмыс істеуге әзірлігі.

           Акселераторға қатысуға өтінімдерді іріктеу тәртібі

    1) Өтінімдерді алдын ала іріктеуді ұйымдастыру комитеті сараптама тобының мүшелерімен бірлесіп, олардың түсуіне және жоба көшбасшыларымен сұхбат жүргізуге қарай жүзеге асырады. Сұхбат барысында Ереженің 10-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі анықталады.

     2) Қатысушылар ұйымдастыру комитетімен сұхбаттан кейін,  сұхбат өткізілген күннен кейін 3 күннен кешіктірмей байқауға ұсынылған құжаттар пакетін жаңартуға және/немесе толықтыруға мүмкіндігі бар. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық емес ақпарат ұсынған және/немесе сұхбаттан өтпеген өтініш берушілер Акселераторға қатысуға жіберілмейді.

   3) Алдын ала іріктеу қорытындылары бойынша көрсетілген критерийлер негізінде ұйымдастыру комитеті акселерация бағдарламасына жіберілген жобалардың тізімін қалыптастырады.

    4) Акселерация міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда ұйымдастыру комитеті жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар Акселераторынан шығаруға құқылы.

  5) Байқау туралы қосымша ақпаратты Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің маманы және әлеуметтік жобалар акселераторы байқауына Алматы облысы бойынша жауапты Дармышев Ержан Жанұзақұлы (87282) 41-15-81, 87479002640, 87074131988 ұялы телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password