Алматы облысының су айдындарында 72 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

     Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті облыстық полиция департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында айтылды.

Полиция қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп 3 308 рейд және патрульдеу жүргізілді, халық арасында 45296 мың дана үгіт парақшалары таратылды. Облыстың су қоймалары бойынша ЖПҚ-мен бірлескен рейдтер нәтижесінде ӘҚБтК-нің 440 «қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» және 364 «ортақ су пайдалану ережелерін бұзу» баптары бойынша 72 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 240 мың 652 теңге айыппұл салынды. Демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде өтеді.

«Өкінішке қарай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, 2021 жылдың басынан бастап облыстың су айдындарында шомылуға тыйым салынған жерлерде 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 22 адам, оның ішінде 6 бала қаза тапты. 28 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала»,- дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Қуат Белгібаев.
Шомылу маусымы кезеңінің өзі маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет, өйткені біздің облыс аумағындағы қолайлы ауа-райына байланысты мамыр айының басында адамдар шомыла бастайды және шомылу қазан айына дейін жалғасады.
Апта сайын демалыс және мереке күндері ТЖД аппаратының қызметкерлері Іле өзені мен Қапшағай су қоймасының жағалауларында рейдтік алдын алу акцияларын ұйымдастыру және өткізу үшін шығады. Сондай-ақ, Алакөл көлі мен Балқаш көліне шығу жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларға БАҚ (телеарналар), волонтерлер, облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі ЖАО өкілдері, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысады.
Ағымдағы жылдың 08 сәуірінде ТЖЖ және АА жөніндегі комиссия отырысы өткізілді, онда шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралар туралы мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша облыстың барлық мүдделі қызметтеріне тиісті нұсқаулар берілді.
Қазіргі уақытта Қапшағай су қоймасында пилоттық жобаны енгізу бойынша Қапшағай қаласының өрт байланысы пунктіне шығара отырып, бейнебақылау құралдары бойынша талдау жүйесін орнатуға қатысты жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйенің жұмысы суда апатқа ұшырағандарды анықтауға бағытталған. Аталған жүйені енгізу аяқталғаннан кейін ұқсас жұмыстарды облыстың басқа да ірі су айдындарында жүргізу жоспарланған.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password