АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ НОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

       Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, сондай-ақ Алматы облысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның бағыныстағы мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен спорт саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған семинар-кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Агенттіктің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, облыс әкімінің орынбасары, Жетісу-адалдық алаңы жобалық кеңсенің кураторы Рустам Әли және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысты.
Жиын барысында Жандос Жұмабаев спорт саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндіріп, 2020 жылы Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, Департамент басшысының бірінші орынбасары қатысушыларға облыс аумағында ISO—37001, комплаенс-қызметі сияқты енгізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа құралдарымен таныстырды.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password