Алматы облысында жыл басынан интернет-алаяқтық бойынша 307 іс тіркелген

    Ғаламтордың дамуы ғаламшар иелеріне уақытты үнемдеу, білімін жетілдіру сынды мүмкіндіктерге оңай қол жеткізуге ықпал еткенімен таяқтың екінші ұшыда бар. Интернеттің ауқымын өз мүдделеріне пайдаланып, жұртты сан соқтыратындар жетерлік. Мәселен, Алматы облысында жыл басынан интернет-алаяқтық бойынша 307 іс тіркелген.

Бүгінде аңқау жұртты қармағына түсіру үшін алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Солардың ішінде ең көп тараған түрлері: банктік картаны бұғаттау, әлеуметтік желіде тауарларды сату немесе жарнамалау, онлайн несие рәсімдеу, ұзақ және қысқа мерзімге пәтерді жалға беру. Дәл осынды жалған хабарлама арқылы құрбандарын қақпанына түсіреді.

«Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Алматы облысы ПД-не бір азамат жүгінді. Ол белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды, ол жәбірленушінің абоненттік нөміріне қоңырау шалып, өзін «Еуразиялық банктің» қызметкері ретінде таныстырып, 400.000 теңге сомасында «EurasianBank» банк картасынан ақша қаражатын алуды жүргізді. Аталған қылмыстық іс бойынша алаяқтарды анықтау және ұстау жұмыстары жүргізілуде»,- Криминалды полиция басқармасының аға-жедел уәкілі — Мақсат Нұрғалымов.

Алаяқтарға алданбау үшін бейтаныс адамдарға банктік карта мен жеке куәліктің фотосуреттерін жібермеңіз. Сіздің абоненттік нөміріңізге келіп түскен смс-кодтарды үшінші тұлғаларға бермеңіз. QIWI әмияндарына бейтаныс адамдарға ақша салмаңыз сонымен қатар, тауарды сатып алу (сату) кезінде, сондай-ақ пәтерлерді интернет-сайттар бойынша ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз. Осындай қарапайым алғы шарттарды орындап, қаперге ұстау келеңсіз жайттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password