Алматы облысында қысқы туристік маусым ашылды

    Еліміздің ірі туристік операторлары мен туристік сала өкілдері Алматы облысында қысқы туристік маусымның ашылуына орай Ұйғыр ауданына жиналды.
Ұйымдастырушылар Алматы облысының туризм басқармасы және Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы.
Іс-шара аясында «Tourism ReStart. Алматы облысы» атты дөңгелек үстел форматындағы форум, ҚР Ұлттық стандарттарына сәйкес орналастыру орындарымен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша курстар, мемлекеттік қызметшілерге арналған «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» тақырыбына арналған тренингтер және «Kazakh tourism»ҰК АҚ ұлттық компаниясынан туристік индустрияны цифрландыру бойынша семинар өтті.
Қысқы маусымның ашылуына туристік саланың өкілдері, туроператорлар, бейінді қауымдастықтардың өкілдері, ҚР өңірлеріндегі туризм басқармаларының басшылары, Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы, «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ, ЮНЕСКО-ның Қазақстандық ұлттық комитеті қатысты.
Форум барысында қатысушылар карантиндік шектеулер мен туризм саласын қалпына келтіруге байланысты туризмде қалыптасқан жағдайды талқылады. Қатысушылар арасында бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Айта кетсек, сесми статистикаға сәйкес, 2021 жылдың 9 айында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілердің жалпы саны 776 707 адамды құрады. Мониторинг деректері бойынша – 2021 жылдың 10 айында көрсетілген қызметтер көлемі-14 273, 9 млн.теңге.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password