Алматы облысында тірлігі тұралап қалған аудандарды дамыту көзделген

     Осыдан 4 жыл бұрын қайта құрылған Райымбек ауданы секілді қазіргі күні 6 аудан бар. Бірі-Ақсу ауданына қарасты Қапал, Үйгентас елді-мекені. Кезінде 48 000-нан аса халық тұрса қазіргі күні тең жарымы ғана ауылда қалған. Оған себеп жұмыссыздық, жергілікті халықтың әлеуеттік жағдайының төмендегені деді аймақ басшысы. Баспасөз мәслихатында облыс әкімі келер айда аудандарға арнайы барып, халықтың талап-тілегіне құлақ түретінін жеткізді. Қираған мектеп, мәдениет үйлері т,б нысандарды жаңғырту жұмыстары жасалады деді. Айта кету керек, 2018 жылы Райымбек, Кеген аудандары екі бөлініп шекара шебіндегі елді мекен ажары кіріп, базары қайнаған. Ақжолтай хабардан соң небәрі бір жылдың ішінде кезінде ауылдан үдере көшкен жұрт кері қайтып, қазір мал өсіріп, егін салды. Жыл сайын үздіксіз халық игіліне жаңа нысандар, әлеуметтік мекемелер қалыпқа келтіріп қолданысқа беріліп келеді.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password