Алматы облысында тұрғын үй иелерінің 34 бірлестігі жұмыс істейді

    Алматы облысында тұрғын үй иелерінің 34 бірлестігі жұмыс істейді. Бұл туралы «Jetisy ‘ Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

Меншік иелерінің үштен екісінен астамы келіскен жағдайда, ортақ іргетаста орналасқан не ортақ үйге ортақ инженерлік жүйелері бар көп пәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүлік иелерінің бір бірлестігін құруға құқылы.

Бұл бірлестік кондоминиумды басқару, оны қаржыландыру, объектінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Бұдан шығатыны, бірлестік екі немесе одан да көп пәтер иелерінен, тұрғын емес үй-жайлардан тұрады және мүлік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста бір күнтізбелік жыл мерзімге сайланады.

Осыдан кейін төраға мүлік иелерінің бірлестігін барлық соттарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сенімхатсыз ұсынуға құқылы.

«Пәтерлердің, тұрғын емес үй — жайлардың меншік иелері осы Заңда көзделген шешімдерді бірлесіп қабылдау және міндеттерді орындау бойынша өздеріне барлық міндеттемелерді қабылдайды», — деп қорытындылады Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Жақыпбек.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password