Алматы облысында сайлау науқаны қызу жүруде

       Жетісу өлкесінде 71 ауылдық окрукте саяси дода өтетін болады. Райымбек ауданы мен Талдықорған, Қапшағай қалаларының басшыларының уәкілетті мерзімі аяқталмағандықтан сайлау өтпейді.

Өңір бойынша, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша – 10 әкім, Ақсу ауданы — 9, Алакөл ауданы — 8, Балқаш, Ұйғыр аудандары – 6 әкімнен, Кеген ауданы – 5, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Талғар аудандары – 4 әкімнен, Сарқан — 3, Жамбыл, Қаратал – 2 әкімнен, Ескелді, Іле, Қарасай аудандары және Текелі қаласынан — 1 әкімнен сайланатын болады. Негізінен, Алматы облысында аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің 253 әкімі бар.
«2021 жылғы 25 маусымда облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 25 шілдеге 71 ауылдық округте сайлау тағайындады. Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті БАҚ-та жарияланған болатын»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password