Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың 2021 ж. бірінші жартыжылдық қорытындылары

2021 жылға нақтыланған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 164,6 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті (ТМККК) аясында – 108,7 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) шеңберінде – 55,8 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 138,8% — ға ұлғайды.

Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Алматы облысы бойынша Қордың филиалымен 81 медициналық мекемеме шарт жасасты. Оның ішінде 35-і жеке меншік медициналық ұйымдар.

Ағымдағы жылда ереше назар профилактикалық медицинаға, балалар денсаулығын сақтауға, мектеп медицинасына, онкогематологияға аударылатын болады. Қор тарапынан ЭКҰ-ға квоталарды ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» және ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалтуға — «Қамқорлық» бағдарламаласы іске асырылуда. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 2021 жылы ШЖҚ «Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында балаларға оңалту жүргізілуде. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота көлемі 7 еседен астам ұлғайды.

Коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауыратындар үшін қауіпті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

2021 жылдың 6 айында коронавирус ауруынан кейін 1 404 науқас 102 млн.теңгеден астам сомаға оңалтудан өтті.

Осы оңалту түрі бойынша барлығы 15 медициналық ұйым қызмет көрсетті.

COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2021 жылдың І-ші жарты жылдығында бөлінген қаржы мөлшері – 20,6 млрд. теңге. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 19,4 млрд. теңгені, МӘМС аясында – 1,2 млрд. теңгені құрады.

Соның ішінде:

  • Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға — 8,1 млрд. теңге;
  • Стационарлық көмекке — 10,4 млрд. теңге;
  • ПТР зерттеулері — 1,7 млрд. теңге;
  • Мобильді бригадалар жұмысына – 0,4 млрд.теңге;
  • Үйдегі стационарлық емдеуге – 0,05 млрд. теңге жұмсалды.

Қор халықты медициналық сақтандырумен қамту бойынша жұмысын жалғастыруда. Алматы облысының тұрғындары арасында медициналық сақтандырумен қамтылған халықтың пайыздық үлесі — 77,8% болып табылады, бұл шамамен 1,6 млн адам. Облыстың 464 мыңнан астам тұрғыны МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл халықтың осы бөлігінің, яғни сақтандырылмаған жағдайда, МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қолжетімділігін шектеу мүмкін.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password