Алматы облысында ауыл әкімдері лауазымына кім үміткер?

Алматы облысында ауыл әкімі лауазымына ең жас үміткер 25 жаста, ең үлкені 62 -де. Орташа жас шамасы-41,3 жас.
Өңірде 2021 жылдың 25 шілдеде 71 ауылдық округ әкімі сайланатын болады.
Бұл ретте 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11 (15,5%) — өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады.
Орташа бәсекелестік-3,9 адам. Барлық округтер 3 және одан да көп кандидат. Кандидаттардың ең көп саны Іле ауданы Чапаев а/о болды (9 кандидат). 4 үміткер түрлі себептермен шығарылды.
Кандидаттарды «NurOtan»партиясы-57 адам, «Ауыл»ХДПП-5 кандидат, «Ақ Жол»ҚДП-1 кандидат, «АDAL»КП-11 кандидат, НПК-8 кандидат, ЖСДП-2 кандидат ұсынды. Өзін — өзі ұсыну арқылы ұсынылған-154.
Қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты 7 кандидатты тіркеуден бас тартылды.
0 Пікір