Алматы облысында «антифриз» өндіріледі

     Антифриз- әйнек жууға арналған сұйықтық. Көлік жүргізушілеріне етене таныс термин. Автокөлік терезелерін тазалауға арналған арнайы спирт қоспасы ауа температурасының төмен болғанына қарамастан мұнтаздай тазалықтың кепілі болып табылады. Көлік иелеріне ауадай қажет сұйықтық Алматы облысы, Қаскелең қаласында өндіріледі. «RITS GROUP» ЖШС 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Серіктестік иесі- Юлия Витальевна. Ол өз сөзінде, кәсіпорынды ашар алдында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тан қажетті жабдықты сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 14,75% бен несие алғанын тілге тиек етті.
Айта кету керек, Жоба «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша субсидияланды, қазір кәсіпорын үшін несие мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. «Даму» қоры да кепілдік беріп, жобаға қолдау көрсеткен.
Аталған өндірістік орындарында өндірілетін «Снежинка» техникалық этил спирті, минералсыздандырылған су, ионды емес және амфотерлі беттік белсенді заттар мен қоспалар негізінде дайындалады. Дайын өнімнің рецепті заттаңбада көрсетілген құрамға толығымен сәйкес келеді.
Жалпы өндірістік база заманауи ангарда орналасқан, үлкен қоймасы бар. Әйнекті жууға арналған сұйықтықты өндіру және оны сақтау үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password