Алматы облысында 63 жылжымалы егу пункті жұмыс істейді

            Талдықорғанда «Еуразия» және «Шаған» сауда үйлері ғимараттарының алдында коронавирусқа қарсы жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істей бастады. Мұнда, таңғы сағат 10-нан 4-ке дейін барлық адамдарекпені салдыра алады. Жылжымалы вакцинация пункттерінің барлығында тоңазытқыш қондырғысы бар Рефрижераторлық типтегі белсенді термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген.
«Алматы облысында халықты вакцинациялаумен қамту жұмыстары жалғасуда. КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуге тартылған егу пункттерінің жалпы саны 172 құрайды. Сонымен қатар 63 жылжымалы егу пункттері ұйымдастырылды. Арнайы көлік дәрі — дәрмектерді Жетісу өңірінің ең шалғай елді мекендеріне жеткізеді», — деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.
Өңірде барлығы І компонентті 102 008 адам алды, оның 3500-і облыс орталығының 2-ші емханасында егілді. Ресми мәліметтер бойынша, күніне 200 дозаға дейін «Спутник — V» екпесі салынады. Аталған вакцинаны қабылдайтындар қатары да артып келеді. Бүгін ол қатарды Шолпан Иманқұлова толықтырды.
«Мен 56 жастамын. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны салдыру қоғам үшін қажет. Өйткені біз, қоғамдық иммунитетті құраушы күшпіз. Біз мұны, ең алдымен, жарқын болашақ үшін жасауымыз керек. Вакцинадан кейін жағымсыз әсер байқалмады. Өзімді жақсы сезінемін», — деді Талдықорған тұрғыны.
Таң мен таласа, Ескелді және Көксу аудандарының тұрғындары да вакцина салдыруға келді. Мұнда, түске дейін 150-ге жуық адам екпе алып үлгерді.
Қарабұлақ ауылының 72 жастағы тұрғыныда COVID-19-ға қарсы иммундық жүйе қалыптастыру мақсатында, аталған екпені қабылдады.
«Өзімнің жасыма қарамастан вакцина алуға қорыққан жоқпын. Барша халыққа да екпе салдырыңыздар деп айтамын. Қау өсет сөзге ермеңіздер. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Барлығы ойдағыдай»,-деді сказал Генадий Гавриленко.
Необходимо подчеркнуть, что с начала проведения вакцинации в Алматинской области реакций и осложнений не зарегистрировано.
Айта кету керек, екпе салу басталғалы Алматы облысындавакцина әсерінен хәлі нашарлау, асқынған жағдайлар тіркелген жоқ.
Жоғарыда атап өткендей, аймақта 102 008 адам екпенің бірінші бөлігін салдырды. Оның ішінде, 17 006 медицина қызметкерлері, 24 684 ұстаз, 2180 учаскелік полиция мамандары бар. Ал екінші компанентті 12 мыңдай адам қабылдады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password