Алматы облысында 3,3 млн. тонна вольфрам кені өндіріледі

     Жетісу өлкесінде минералдық шикізатты өндіріп, қайта өңдеуге басымдылық берілмек. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев өзінің алғашқы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Өңір басшысы облыстағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.
«Алғашқы ірі жоба – «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіру. Бұл жоспар Бұғыты кен орнында жүзеге асатын болады. Мұнда 94,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, салдарынан 400 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның жобалық қуаты 3,3 млн. тонна кен өндіруге жетеді», – деді Қ. Бозымбаев.
Жетісу жерінде іске асатын тағы бір маңызды жоба – «Көксай Мұзбел» ЖШС тау-кен байыту комбинаты. Мұнда келешекте 25 млн. тонна мыс кені қайта өңделеді. Бұл мақсатта 650 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Комбинат іске қосылса 1200 адам жұмыспен қамтылады.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password