Алматы облысында 263 мыңнан астам адам екпенің екінші бөлігін алды

       Коронавирустан сақтанудың жалғыз амалы екпе салдыру дейді ғалымдар. Бүгінгі күні жер әлем аты жаман індеттен қорғану үшін вакцина алу үсітнде. Қазіргі таңда Алматы облысында 483 345 адам екпенің алғашқы бөлігін алса, 236 062 тұрғын вакцинаның екінші компонентін салдырған.
Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 572, медицина қызметкерлері – 23 044, педагогтар – 37 280, БАҚ – 188, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 3567 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 364 182 адам бар.
Қаперлеріңізде жүрсін, Алматы облысы бойынша вирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,3% — дан 0,4% — ға дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалады.
Өткен тәулікте КВИ-дің 188 жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі жеткіншектердің ішінде 28-і, оқушылар арасында 13-і, студенттердің 3-і вирус жұқтырғандығы анықталды.
16 шілдедегі жағдай бойынша 27 087 адам сауығып, бір тәулік ішінде стационардан 42 пациент шығарылды.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password