Алматы облысында 2 мың жас әскер қатарына шақырылады

            Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, әскерге шақыру, қаңтар-наурыз, қыркүйек-желтоқсан айларында екі рет жүргізіледі. Әскерге 18-27 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Отан алдындағы борышын өтеушілердің заң алдында ары таза, әрі денсаулығында кінәрат болмауы керек.
Әскерге шақыру барысында зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-аудандарда, екінші кезең-облыстық шақыру бөлімінде жүзеге асады.
Отбасылы ер-азаматтардың балалары болған жағдайда, сондай-ақ, жоғары оқу орнында күндізгі бөлімде білім алғанда, және де денсаулығына байланысты ем алып жүрсе, уақытша парызын өтеуден босатылады.
Айта кетейік, комиссия шешімімен жарамсыз болып танылғандар, 27 жасқа дейін заңды түрде босатылғандар, әскери шақырушының жанұясында әскери қызметте жүріп қаза тапқандар немесе 1,2 топтағы мүмкімдігі шектеулі азамат болса, өзге мемлекетте әскери қызметін атқарғандар, дін саласында жүрген имам, сондай-ақ, білім саласында ғылыми атағы бар жандар әскери қызметтен босатылады.
«Әскерге шақырушыларды шекара қызметі, қарулы күштерге, ұлттық ұланға, мемлекеттік қорғау қызметіне жібереміз. Наурыз айында әскерге шақыру басталады. ҚР Заңында көрсетілгендей әр азамат отан алдындағы борышын өтеуі парыз. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып азаматтарға шақыру жіберіп жатырмыз. Әскерге баруы тиіс ерлер қауымы, міндететріңізді абыроймен атқарудан жалтармаңыздар»,- дейді Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы, полковник Талған Жасболатұлы.

Алматы облысында 600-ден астам әскери патриоттық кулбтар жұмыс жасайды. Онда 4 мыңдай бала арнулы білім алады. Пандемия салдарынан клуб жұмысы біраз бәсеңдеген. Өйткені, оқыту әдістері онлайн түрде жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жігіттер жастайынан отан алдындағы борышын өтеуге дайындалуы керек, физикалық тұрғыда түрлі жаттығулар жасап, сонымен қатар, психологиялық тұрғыда дайын болуы тиіс.
«Төрткүл дүниені жаулаған пандемия қай саланы болмасын айналып өтпесі анық. Шақырушылар ең алдымен «COVID-19» індетіне арнайы сынама тапсырады. 1 тәулікте талдау нәтижелері шығарылады. Сараптама ойдағыдай шықса, оларды облыстық шақыру пунктіне жібереміз. Ол жерде жігіттер медициналық тексерістен өтіп, психологиялық тест тапсырады. Екінші күні, шақырушылардың құжаттары тексеріліп, әңгімелесу жүргізіледі. Үшінші күні, шақыру комиссиясының отырысы өтеді, аталған жиын қорытындысы бойынша әскерге барушы азаматтардың тізімі анықталып, құжаттары борыштарын өткізетін әскери орынға жөнелтіледі. Осылайша олар өз парыздарын орындап келеді»,-дейді Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары — жасақтау басқармасының бастығы, полковник Руслан Абиханов.
Негізінде, Алматы облысында әскер жасына лайықты 89 мың жас бар. Оның 40 мыңы отан алдындағы борышын өтеуге жарамды. Алдағы көктемде өңір бойынша 2000 мың азамат әскер қатарына шақырылады деп күтілуде.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password