Алматы облысында 17 бала судан ажал құшты

Алматы облысының аумағында 2021 жылдың 8 айында су айдындарында 59 адам суға батқаны тіркелді, оның 17-сі бала. Бұл туралы « Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

2021 жылы мамандар суда адам қазасын алдын алу және қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын жүргізу мақсатында, қала әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, Қаратал және Балықты өзендерінде жаппай шомылу учаскелерін тексеруы жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша Қаратал және Балықты өзендері бойында кезекшілік ұйымдастыру және патрульдеу қажет болатын адамдар көп жиналатын суға шомылуға жабдықталмаған және рұқсат етілмеген 7 орын анықталған.

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы аумағындағы «Қаратал» шағын ауданында белгіленген қалалық жағажай қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған, алғашқы медициналық көмек көрсету пункті құрылған. Сондай-ақ, құтқару бекетін құтқару жабдықтарымен, дауыс зорайтқыш құрылғылармен, дәрі-дәрмектері бар санитариялық сөмкелермен құтқару кеудешелерімен жарақтандырылған. Және де, «Өркен» спорт комлексінде, Талдықорған орталық бассейнде және «Koktem Grand» қонақ үй кешендерінде мектеп жастағы 6 жастан 15 жасқа дейінгі 340 балаларға суға түсу және жүзу қағидаларын үйретілді.

«Судағы төтенше жағдайлардың негізгі себептері құтқарушылардың бақылаусыз су айдындарында азаматтардың ұйымдастырылмаған демалысы, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеуі немесе сақтамауы, жеке демалыс орындары иелерінің судағы қауіпсіздік талаптарын орындамауы, жүзуді білмеуі, мас күйінде шомылуы, балық аулау кезіңде ережелерді сақтамауы, су айдыны арқылы өту кезіңде, суға абайсызда құлауы, жүзу кезінде күштерді бағаламауы және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруы болып табылады»,- дейді Талдықорған қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Ерболат Нұрқасен.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password