Алматы облысында 1 сәуірде «AGRITECH» соя өңдейтін кәсіпорыны ашылады

       Алматы облысында өндірістің 40 пайыздан астамы тамақ өнімдері мен сусындар шығаруға тиесілі. Ағымдағы жылы да аталған өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп шығару үшін бірқатар өндіріс орны ашылған еді. Алдағы таңда бұл қатарды «AGRITECH» ЖШС толықтырады.

Соя бұршағын өңдейтін өнеркәсіптік зауыт, Іле ауданы, Жаңаталап ауылында орналасқан. Жобаның құны-3 797.3 млн.теңге. Қаржыландыру көздерінің 72,2% Қазақстанның Даму Банкіне, 27,8% меншікті қаражат есебіне тиесілі.

Жылына 2500 тонна соя изоляты, 3800 тонна талшық пен 2000 тонна сірне өндіріледі деп жоспарланған.

«Алынған өнім Израиль мен АҚШ-қа жөнелтіледі. Жылдық экспорт көлемі 97,7% құрайды»,-дейді зауыт директоры Олег Петушок.

Зауыт құрылысна 7 га жер бөлінген, оның 2,02 га жеріне нысан бой көтерген. Құрылыс жұмыстарының жүру барысында 15 жұмыс орны құрылған еді. Ал, өндіріс орны толықтай қолданысқа берілгеннен кейін, елдің әлеуеті арта түспек. Сәйкесінше, жаңа жұмыс орны құрылып, 58 адамның бір мезетте еңбекке тартылуына мүмкіндік тумақ.

Айта кетейік, аталмыш жобадан түсетін пайда көлемі жылына 2,6 млрд. теңгені құрамақ.

Бұқараның игіліне ызмет атқарар аталған өндіріс орнының лентасы 1 сәуірде қиылады деп жоспарланған.

Естеріңізде болса, өткен жылы облыс орталығында құны 4,4 млрд. теңге болатын, майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылған еді. Кәсіпорын күніне 500 тонна рапс, 400 тонна күнбағыс өңдейді.

Анар САБЫРОВА

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password