Алматы облысына «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілмек

  Алматы облысында зертханалық тексеру нәтижесінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша 9361 жағдай анықталған,оның 3774-де ауру белгілері бар. Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларымен Көксу,Ақсу, Ескелді, Панфилов аудандарында індетке шалдығу көрсеткішінің артуы байқалады.

Айта кету керек, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 1,0% – дан 0,8% — ға дейін төмендеді. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы жасыл аймаққа кірді.

2021 жылдың 1 ақпаннан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салу басталады. КВИ-ға қарсы вакцинация үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Жетісу өлкесінде вакцинация кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын баса айтқан жөн.

«Бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға, инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары жатады, иммундауға жататын халықтың қалған топтары одан кейін вакцинациямен қамтылады. Бірінші болып жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация бөлімшелерінің, СЭС қызметкерлері егіледі. Содан кейін мектептер мен университеттерде мұғалімдерді вакцинациялауға кіріседі»,-деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Жалпы, облыстағы 26 медициналық ұйымның 29 егу кабинетінде коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштар барлық 26 медициналық ұйымда бар. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді термоконтейнерлер, яғни АВТО мұздатқыштар жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар. Вакцина облыстық қан орталығының мұздатқышында сақталады.
«Алматы облысына ағымдағы жылы «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған. 2021 жылғы ақпанда 6 000 доза, наурызда — 9 000, сәуірден маусымға дейін — ай сайын 45 000 доза жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы ақпан айының 1-ші жұлдызында сағат түнгі 03-00-де барлық талаптарды сақтай отырып, «Медсервис Плюс «КФК» ЖШС облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-Сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы «Спутник V» 1 компонентінің 1450 дозасы жеткізілді.Шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды»,- деп мәлімдеді облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.
Алдағы уақытта 11 192 медицина маманы вакцина алады деп күтілуде. Вакцинациялауға жататын адамдардың толық тізімі 29 егу пунктінде көрсетілген.
Екпені алғаннан кейін, әлсіздік, шаршау, жүректің айнуы мүмкін дейді дәрігерлер. Негізінен, созылмалы жүрек қан тамырлары, қант деабетінің асқынған түрлері, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы ауруымен ауыратындарға және онкологиялық сырқаты бар жандарға, сондай-ақ жүкті келіншектерге, омырауда баласы бар аналарға екпе салынбайды.
Айта кетейік, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады және егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Елімізде вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password