Алматы облысы бойынша тұтынушылардан 90-ға жуық арыз түскен

    2020 жылдың қорытындысы аясында азаматтардан түскен шағымдар төңірегінде көрсетілген сома 8 081 207 теңгені құраған. Соның ішінде тұтынушыларға 6 565 861 теңге көлеміндегі қаражат қайтарылып берілді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап қызметке кіріскен Алматы облысы бойынша аумақтық «Алматы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жұмысын күшейту сынды мәселелермен айналысып келеді.
Аталмыш департаментке ағымдағы жылдың 1-ші тоқсаны бойынша тұтынушылар тарапынан 90 арыз тіркелген. Түскен шағымдардың 23-і жазбаша түрде болса, 29-ы телеграмм бот арқылы келсе, жедел желі арқылы -22, ал азаматтардың жеке мәселесі жөніндегі қабылдауда 16 арыз-шағым келіп түскен.
«Бүгінгі күні облыс аумағында 654 қоғамдық бірлестік тіркеліп, оның 2-і тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі бойынша жұмыс жасауда. Былтырғы жылмен салыстырғанда түскен өтініштер саны 5 есеге артып отыр.Ұдайы жүргізіліп отыратын мониторинг нәтижесінде заңбұзушылықтар мен олқылықтар орын алған жоқ. Азаматтардың өтініш-шағымдары үш сатылы шағым беру механизмі бойынша қарастырылады»,- деді Алматы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ басшысы Дастан Шалтабаев.
Айта кетейік, алыс аймақтағы ауылды елді мекендерде тұратын азаматтар өтініштерін телеграм бот, тұтынушыларға арналған бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қалдырса болады. Сондай-ақ, департаменттің байланыс телефонына хабарласып немесе электронды түрде жүзеге асырылатын Egov.kz порталына жүгінуде қарастырылған.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password