АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

        Барлығымызға белгілі жаңа оқу жылының басталуына бір ай қалғанда «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру

        Жуырда «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалының төраға- сы, аудан әкімі Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлының бастамасымен  «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

        Қайырымдылық акциясына аудандағы партия белсенділері мен аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылыры және «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық бақылау тексеру комиссиясының төрағасы Сембаев Амангелді Тілеубердіұлы ат салысты.

        Аудандағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына арнап, мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған 100 сумка таратылды. «Бұл акция 2008 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын өткізіліп келеді, оның бастамашысы Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Аталған акция еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бақытты отбасы» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өтеді және мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің бір бөлігі болып табылады.

       «Бір баланың басынан сипасаң – қырық періште күліп қарайды» дейді, жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмектесіп, қуаныштарын тасыту ол сауапты іс. Сондықтан да бұл іс өзінің жалғасын табатынына сенім мол.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password