ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – САУАБЫ МОЛ ІС

        Биылғы жаңа оқу жылы жағымды жаңалықтармен бастау алды. Жылдағы дәстүр бойынша республикалық «Балаларға қамқорлық» атты акция аясында әлеуметтік топтағы отбасылардың балаларына түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Осындай игі шара аудан орталығынан бастап, ауылдық округтерде жалғасын тапты.

        Бұл жағдайдың орындалуына тікелей мұрындық болған атымтай жомарт жандардың есімін ерекше атауға болады. Солардың бірі — таулы өңірдің төл перзенті, жерлесіміз «Жартас Райымбек» әлеуметтік қол- дау көрсету қоғамдық қорының басшысы Қайғатырова Роза Ерланқызының есімі ерекше. Себебі Роза Ерланқызы аудандағы жалпы саны 200 оқушыға оқу құралдарымен толықтырылған мектеп сумкасын табыстады. Акция аясында қуаныштары қойнына сыймаған бүлдіршіндердің айтар алғысы мен шексіз ризашылықтары молынан болды. Аталмыш акция барысында аудандық білім бөлімінің мамандары алдағы уақытта «мектепке жол» акциясы аясында бұл шара өз жалғасын табады деп зор сенімдерін білдірді.

    «ХАНТӘҢІРІ».

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password