Ақын туралы лебіздер

              Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

       Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей, келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.

Әбділдә ТӘЖІБАЕВ.

        …Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ, оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді.

        Аңғармаппыз…

Мұқаметжан ҚАРАТАЕВ.

 

       Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғасам, аузыма ең алдымен, аса ірі ақын Мұқағали Мақатаев түседі. Оның творчествосымен көптен таныспын. Аудармалары діттеген жерден шықпай жатса да, оның ақындық қуат деңгейі мен парасат өрісі кім-кімді болсын таңғалтпай қоймайды.

К.В.СКВОРЦОВ.

 

       Мұқағали Мақатаев поэзиясы арқылы қазақ әдебиетінде өте жарқын, күшті де көрнекті жаңа бір дара тұлғалы ақын пайда болған екен-ау, деп те айта аламын. Оның творчествосы біздің бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат құяды.

Михаил КУРГАНЦЕВ.

0 Пікір

Пікір қалдыру

Login

Welcome! Login in to your account

Remember me Lost your password?

Lost Password